Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Ата-анасы Димаштың шетелде тек қазақ тілінде сұхбат беруіне қатысты пікір білдірді. Байқау барысында Hunan TV арнасы отандасымыздың ойын түсіну үшін бес қазақ баласын жұмысқа алған екен.

тр

Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

Осы күнге дейін Димаш Құдайбергеновке көптеген елден ұсыныстар келіп түскен екен. Алайда әншінің әкесі оның барлығын қабылдай алмағандарын айтып жатыр. «Америкаға да шақырылғаны рас. Бірақ оның барлығын бірдей қабылдаған жоқпыз. Мұнымен қатар, Корей, Малайзия елдерінен келіп түскен жақсы ұсыныстар бар», – дейді Қанат Айтбаев.

Мұнымен қатар, Қанат мырза Димаштың шетелде қазақ тілінде сөйлеуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ұлына ана тілінде сөйлеуіне байланысты белгілі талап-тілектер қоймайды екен. Яғни бұл – Димаштың өзінің қалауы.

«Бізде орыс тілін білмейтін қазақ жоқ. Орыстарға сабақ беретіндей мүмкіндігіміз бар. Бірақ, біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Өскен ортамызда өзге ұлт өкілдері көп болды. Бірақ ата-анамыз «Міндетті түрде қазақ тілінде сөйлеңдер» деген талап қоятын. Ол басқа адамдарды жеккөру деген сөз емес. Тек негізімізді ұмытпауымыз керек. Ата-анамызбен дәл қазір бірге тұрамыз. Балаларымызды тек қазақ әдебиеттерін оқуға үндеп отырамыз. Мұның барлығы тәрбиемен сіңіріледі. Иә, расымен, Қытайдағы қандастарымыз қатты қуанды. Қазақшадан қытайшаға және керісінше тікелей тәржімаланып тұрды. Бұл жердегі мақсатымыз – ана тілімізді, болмысымызды насихаттау. Әркімнің жүрегінде Отанына деген бір сезім болуы керек. Халқымыздың әнін, дәстүрін, ұлттық киімін таныту деген үлкен мақсаттан туындаған нәрсе», – дейді Қанат Мырза.

Қытай арнасы Димаштың білдірмек ойын түсіну мақсатында бес қазақ баласын жұмысқа алған. Олар сайыс барысында кезектерімен жұмыс істеп отырған. «Hunan TV – үлкен арна. Жұмыстарының барлығы өте керемет. Оны өз көзімізбен көрдік. Димаш осы байқауға қатысқан сәтте 5 қазақтың баласын арна жұмысқа алған. Себебі, олар Димаштың тілін, айтайын деп тұрған ойын түсінгілері келген. Яғни барлық болмысын түсіну үшін қазақ тілді мамандар қажет болған. Ұйымдастырушыларға көп рахмет», – дейді Света ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Баян Есентаева үлкен қызының өздігінен ақша табатынын айтып мақтанды

Оңтүстіккореялық әнші PSY тағы да YouTube-ты «шулатып» жатыр

Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ

Талқылау