Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Суретке түскісі келетін тыңдарманды “мәдениетсіз” деу дұрыс емес

Роза Рымбаева бүгінде әнші мен тыңдарман арасындағы қарым-қатынасқа сызат түскенін айтады. Халық әртісі қалың көпшілікпен қауыша қалса, өзін жайсыз сезінетін жағдайға жеткен.

18300144_1324730457614469_7021742882910371840_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Ән айтып тұрсаң, тіпті, үлкен сахнаға да көрермен шығып, соткасына суретке түсіп жатады. Бұл мәдениетсіздік деп санаймын. Жалпы әнші ән айтып тұрғанда, оның әнін тыңдау керек қой. Жоқ желкеңе де мініп алып, алдың да тұрып алып, сенің әнің емес, фотоға түсу керек болып тұрады. Мен кейде әнді тоқтатамын да айтамын — не суретке түсейік, не ән айтайық”, – дейді Роза Рымбаева.

Қарапайым қарашаның бұл қылығын Роза ханым мәдениетсіздікке баласа, Мақпал Жүнісова халықтың әншіге деген қошеметі деп біледі.

“Мәдениетсіз деп айту дұрыс нәрсе емес! Халықтың әншіге деген сағынышы деп түсіну керек. Бұл әнші күнде келе бермейді ғой.

Бес күндік жалған өмірде күнде бара бермейміз ғой бір жерге. Сондықтан да 2 жыл, кейде 10 жыл бармаған жеріміз бар. Сондайда ол кісінің сағынышын кеудесінен итергендей боласың”, – дейді ол.

Тіпті, қаумалаған жұртқа еті үйренген жұлдыздар қауымы тойға бара қалса, тыңдарман тілегін орындауға әзір тұрады екен.

“Тойларға біз барған кезде дайын боламыз. Тіпті бізбен суретке түспесе, бір түрлі болып қалатын жағдайлар болады. Менің ойымша онда тұрған ештеңе жоқ!” – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Бірақ қомақты қаржыға келген өнерпаз «қолжетімді» деген сөз емес! Жұлдызбен сэлфиге түскен той қонақтарының қисынсыз қылықтары мұнымен шектелмейтін болса керек.

“Үлкен бір тойларда биге шақыратын адамдар бар. Сонда өте кедергі болады. Біз енді әнімізбен әлек болып тұрғанда, біз енді дұрыстап жеткізуіміз керек қой, әнімізді теледидарда көріп жүргендей қылып, сол деңгейде жеткізуіміз керек. Суретке түсіп жатып қалай ән айтасың?” – дейді Жеңіс Ысқақова.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Тәуекел Мүсілім “қалталы көкесінің арқасында танылды” деп сынайтындарға жауап берді

Ләйлә Сұлтанқызы өзін “топас” деп кемсіткен бойжеткенді орнына қойды

Талқылау