Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы өзін “топас” деп кемсіткен бойжеткенді орнына қойды

Айна есімді желі қолданушысы танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын балағаттап, оны “ақыл-ойы кеміс, топас” деп кемсітті. Әншейінде мұндайға мән бермей өте шығатын тележүргізуші бұл жолы шыдай алмапты. Ол өзін кемсіткен бойжеткендді орнына қойды.

776699999

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Адамның күлкісін келтірмеші, расында да осынша адам сені оқиды деп ойлайсың ба? Сен негізінде қырсықсың ба әлде ақылсызсың ба?” – деп бастайды сөзін Айна есімді желі оқырманы.

Әрі қарай бойжеткен Ләйлә Сұлтанқызының тарапына неше түрлі жаман сөздерді “ағытады”.

Назар аударыңыз! Жазбада бейәдеп сөздер кездеседі!

лайла султанкызы коммент

Айнаның сөздері танымал тележүргізушіні сабасынан шығарды. Ләйлә Сұлтанқызы былапыт сөз жазған қызға жауап берді.

“Айна, Айна, Айна. Көп мән бере бермейтін едім, мына коммент просто “убил” ғой. Әлем  Макронның әйелін, GGG-дің жекпе-жегін, “Еurovision 2017” байқауын талқылап жатса, оны қойшы ары бармай-ақ қояйын, елдегі парадтың өткізу-өткізілмеуін, Димаштың өнерін, Қарақаттың қашан босанатынын, 91-дің саxнаға зорға шыққанын, жаңа базардан сатып алынған қызанақтың сапасын, бүгін не істейтінін, сиырын, сүтін талқылайтынымыздың өзі “айналайын”екен ғой. Айна және Айна сияқтыларға айтарым:
оттамаңдар! (білмейсіздер ғой, мен өмірде қандай бақытты екенімді”, – деген Ләйлә Сұлтанқызы өмірде бақытты әйел екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, тележүргізуші сүйіктісінің әркез жанынан табылатынын тілге тиек етті. Сөз соңында Ләйлә Сұлтанқызы жүйкесі жұқарған қыздарға Мадина Байболованың кітаптарын бір қарап шығуға кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Астанада өтетін концертінде Лара Фабианмен дуэт орындайды

Халықтың сынына қалған Дәурен мен Ақбота жаңа үйге көшетіндерін айтып, сүйінші сұрады (фото)

Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ

Қайрат Нұртасты полиция “ұстап алды”

Талқылау