Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарқынай Ханайым: Сені түсінбейтін жігіттен тұрмыс құрмай тұрып құтылу керек

Отандық "Рауза" сериалы арқылы көрерменнің ықыласына бөленген қазақ әншісі әрі актриса Жарқынай Ханайым алғашында жауапсыз қарым-қатынасқа қатысты пікірін білдірді.

Жарқынай сыйластық пен өзара түсіністіксіз берік неке құру мүмкін емес деп санайды.

Жарқынай Ханайым Instagram желісіндегі оқырмандарымен тағы да ашыла сөйлесті. Жазылушылардың бірі “Жігітіммен үнемі ұрысып қаламын, не істеуге болады?” деп сұрады.

"Әлі тұрмыс құрмай тұрғанда ондай жігіттен құтылу керек. Ол отбасылық өмірде кездесетін қиындықтарға төтеп бере алады деп ойлайсың ба? Кейіннен "Қыздардың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады" деп айтады”, –деді актриса. 

Актриса кінәмшіл адамдардан аулақ болуға кеңес берді. Ол ешкімнің біреуді қорлап, оның құқығын таптауға құқығы жоқ деп санайды.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Жарқынай Ханайым ажырасып кетті деген күдікке ілінді. Актриса екінші рет жүкті деп күмәнданғандар да бар. Әншінің шығармашылығына қатысты сұрақтар да көп.

"Мен өзімнің репертуарымды кеңейткім келеді. Биыл әндер жазамын. Олар ұнаса, әрине, көпшілікке концерт беруге болады", - деп жауап берді ол.


Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 16:55
Талқылау