Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады": Тоқаев Асанәлі Әшімовтің туыстарына көңіл айтты

тоқаев

Президент Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

“Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады”, – деп жазылған жеделхатта. 

Еске салайық, кино және театр актері, режиссер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов өмірден өткен еді.

Назархан Уән
Жексенбі, 21 Желтоқсан, 2025 16:11