Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаркент түбіндегі ЯК-12 апаты: прокуратура құрбандар жайлы мәлімет жариялады

ҚР бас көліктік прокуратурасы Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлауы туралы пікір білдірді.

d2f0f78bf95f3cd17a681ea8428ccddc-e1501146633992

Жаркент түбіндегі әуе апатынан кейін ЯК-12 ұшақтарын пайдалану тоқтатылды. Ведомство мәліметінше, ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан. Жолаушы, бастапқы деректер бойынша, шаруашылық қожалығының өкілі.

Көліктік прокуратура ҚР инвестиция және даму министрлігіне сілтеме жасап, ұшақтың тиісті рұқсатнама құжаттары болғандығын, әуе навигациясы органдарымен келісе отырып, ұшқандығын мәлімдеді. Оқиға бойынша бастапқы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Инвестиция және даму министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу туралы бұйрық дайындауда, соның аясында ұшақ апатының себебі анықталады”, — деді ведомство.

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты.

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген. ЯК-12 ұшағы “ҚазАвиа” әуе компаниясына тиесілі.

Оқи отырыңыз:

Дәрігер үміт жоқ деген: Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді

Алматыда ауқатты отбасының баласын өлтірген жүргізуші сот барысында қайтыс болды

ОҚО-да 70 жастағы қария өзіне әйел іздейтінін айтып хабарландыру жариялады

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Талқылау