Жапониядағы ұшақ өрті: Төтенше жағдайдың жай-жапсары белгілі болды
Жапонияда өртеніп кеткен ұшаққа байланысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Болжам бойынша, Japan Airlines (JAL) жолаушылар ұшағымен соқтығысудан бірнеше минут бұрын әуе диспетчері жапон жағалау күзетінің ұшағына ұшу-қону жолағына шықпауды бұйырған.
Дәл осы уақытта "JAL 516 рейсіне ұшу-қону жолағына кіруге рұқсат етілген екен. Салдарынан Токионың Ханеда әуежайында жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысып, өртенді.
Бұған дейін Japan Airlines Airbus A350 ұшағының апатына жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысуы себеп болғаны белгілі болған еді. Соқтығыс салдарынан жағалау күзеті ұшағының бес экипаж мүшесі қаза тапты.
Еске салсақ, Japan Airlines жолаушылар ұшағы Токио әуежайына қону кезінде өртеніп кеткені туралы хабарлаған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”