Жапонияда өздігінен жүретін аяқ киім жасап шығарылды (видео)
Бұл заманауи жаңалық қонақ үйлерге арналып жасалған. Аяқ киімдер өздігінен қозғала алады. Сондай-ақ, басқа аяқ киімдер қатарына белгілі бір ретті ұстап тұра қалады екен.
Жапонияда өздігінен жүретін аяқ киім ойлап шығарылды. Тіпті, олар еденде өздігінен жүре алады. Аяқ киімнің ерекшелігі, оны қайда шешіп кетсең де, өзіне тиісті жерді тауып бара алады. Жаңалық туралы видео Nissan-ның YouTube арнасында жарияланған.
Видеода қонақ үйге келушілер аяқ киімдерін өздеріне ыңғайлы кез келген жерге шешіп кете береді. Ал, аяқ киімдер өздеріне тиісті жерді тауып, қатарды бұзбай өз орнына тұра қалады.
Сонымен қатар, олардың қозғалысын дәліз қабырғасында орнатылған түйме басқарып отырады.
Жіберіп алмаңыз:
Бір топ дельфин бойжеткеннің протезіне қызығып қалды (видео)
Жалқау почташының үйінен жарты тонна хат табылды
Бір қолы жоқ жігіт жұдырығымен сиқыр жасап, таңғалдырды (видео)
Бала кәріз құдығына жарылғыш зат тастап, өзі ұшып кетті (видео)