Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда COVID-19-ға қарсы вакцинаны адамдарға сынап көре бастады

Жапониялық COVID-19-ға қарсы ДНҚ вакцинасын жасайтын AnGes, Inc компаниясы 30 еріктіге клиникалық сынақ жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Клиникалық сынақтардың бірінші бөлімінде 30 дені сау еріктіге вакцина салынады.

Профессор Осака Рюити Морисита сөзінше, олар екі топқа бөлінеді. Бір топқа вакцина мөлшері аз салынады, ал екіншісіне - көп. 

Вакцинация екі рет жүргізіледі, арасы 2 апта болады, ал 31 шілдеде клиникалық эксперимент аяқталады.

"Бірақ бұл нәтиже күтуге болады деген сөз емес", - деді профессор.

Бұған дейін Морисита 400-500 адамды қамтитын зерттеудің екінші бөлігі күзге жоспаланғанын мәлімдеді, ал көктемде AnGes, Inc. вакцинаны өндіруді көздеп отыр.

Мориситаның пікірінше, ДНҚ-вакцинасының басты артықшылығы - оның қауіпсіздігі, ол патогендерді пайдаланбайды, ағза патогенге емес, ДНҚ туралы ақпаратқа реакция жасайтын антиденелер жасайды. Сондай-ақ, ол вакцинаны жылдам және іс жүзінде шектеусіз мөлшерде өндіру мүмкіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, вакцинаның тағы бір артықшылығы оның өндірісін вирустың жаңа мутациясына сәйкес бейімдеуге болады, деп есептейді профессор.
 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Маусым, 2020 17:35
Талқылау