Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония үкіметі бейбіт келісімге қол қойғысы келеді: Ресейліктер елдің қай аралын меншіктеп отыр

Жапония үкіметі Курил аралдары бойынша аумақтық мәселелерді шешуді және Ресеймен бейбіт келісім жасауды қалап отыр. Елдің премьер-министрі Фумио Кисида Ресей тарапымен келісім жасауға деген ниетін өзінің бағдарламалық сөзінде растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Жапония үкіметі Украинада арнайы әскери операция басталғаннан кейін Мәскеуге санкция енгізген еді. Бұл ойларынан жапониялықтар  бас тартқысы келмей отыр. Сонымен қатар Токия Киев тарапын қолдайтынын да жасырмады.

Екі елдің арасында түсінбеушілік болса да, Жапония аумақтық мәселені шешу керек екенін және бейбітшілік шартын жасау қажет екенін мәлімдеді.

Ресей мен Жапония арасында 70 жылдан бері бейбіт келісімге қол қойылмай келе жатыр. Күншығыс елі Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомай аралдарының елге қайтаруылын талап етіп отыр. Алайда Мәскеу бұл жерлер екінші дүниежүзілік соғыстан кезінде жаулап алынғанын және КСРО құрамына енген жерлер екенін еске салды. 

Жапонияда Ресейдің Курил аралдарына қатысты ұстанымы әділетсіз екені айтылды. 

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында Жапония үкіметінің бас хатшысы Йошимаса Хаяши Кисиданың ұстанымын қайталап, Курил аралдары бойынша бейбіт келісім жасау қажет екенін мәлімдеді. 



Үкімет басшысы Ресейдің неліктен бейбіт келісімге қарсы болып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, ресейліктер оларға қарсы жасаған санкцияларға емес, керісінше, Киевке қолдау көрсетіп жатқаны үшін деп топшылап отыр. Ресейдің бұл әрекетінен кейін барлық жауапкершілікті Жапонияға артқанын байқауға болады.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров күншығыс елімен ешқандай дау жоқ екенін және аумақтық мәселелер шешімін тапты деген еді. Бұл шешімді Жапония үкіметі жақсы түсініп тұрғанын еске салды.

Ал Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Жапония елшісі Акира Мутомен сұхбатында Токионың деструктивті қадамдары екі ел қарым-қатынасының нашарлауына алып келетінін жеткізді. Ресейлік дипломат жапониялық тарап Азия-Тынық мұхиты аймағында шиеленістің күшеюіне елеулі қауіп төндіретінін айтты.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 11 қаңтарында Ресей президенті Владимир Путин күндердің бір күні Куриль аралдарына іссапармен барғысы келетінін хабарлаған еді. Мұны жапониялықтар мұқият бақылауға алатынын баса айтты.

Токио университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Ре Хината Ямагучидің айтуынша, Путиннің бұл мәлімдесінен-ақ, олардың жапониялықтарды "місе тұтпайтынын" аңғаруға болады. 

"Егер Ресей президенті аралдарды дамытуға нақты қадамдар әзірлеу бойынша тапсырмалар берсе, жағдай күрделене түседі", – деп ескертті жапон саясаткері.

Жапониялықтар 2023 жылдың сәуірінде жарияланған "Көк кітапта" Куриль аралдарының заңсыз басып алынғаны туралы жазылған. Токиолықтар бұл аралдарды “жапониялықтардың егемендік алу жылдарындағы алғашқы территориялары" деп санайды. 

Талқылау