Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония туристерге күніне 185 доллар төлейді

Жапония үкіметі шетелдік саяхатшыларды елге тарту мақсатында туристер үшін тәулігіне 185 долларға дейін ваучер бағдарламасын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бастамаға 1,35 триллион иен (12,5 миллиард доллар) бөлінді. Субсидиялар туристердің Жапонияда болған кезіндегі шығындарының жартысына дейін жабатынын айталды. Олар жақын дүкендер мен мейрамханаларда пайдалану үшін ваучер қолдана алады. Жапонияға жол құны жабылмайды.

 

Бұл бастама шілде айының соңыда күшіне енеді деп күтілуде. Субсидия алу үшін сіз тікелей немесе жапондық туристік агенттіктердің көмегімен қонақ үйге тапсырыс беруіңіз керек.

Бұған дейін Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ коронавирустың таралуына байланысты ел қабылдаған шаралардың жалпы көлемі 230 триллион иен (2,15 трлн доллар) құрайды деп мәлімдеді.

"ІЖӨ-нің 40 пайызына жететін шаралардың арқасында біз Жапония экономикасын 100 жылда бір рет болатын дағдарыстан сақтаймыз. Қиын жағдайға тап болған адамдарға жедел көмек көрсету маңызды", - деді Абэ.

Талқылау