Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондардың кимоносы қазақтың “киім” сөзінен шыққан ба?

Парижде тұратын қазақстандық Берлин Иришев жапондардың «кимоно» сөзі қазақтың «киім» сөзінен шыққан деп топшылады.

c65eb4467e3835c3afe10dd21eacc9fa

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

«Париждегі Ұлттық мұражайда кимоно көрмесі өтіп жатыр. Бұл киім XVI ғасырда Эдо дәуірінде таныла бастаған. Оның түрлі-түстілігі мен құрылымына қарап әйел қиялынан туған әсемдікті көруге болады. Осы орайда «кимоно» сөзінің түп-төркіні қазақтың «киім» сөзінен шықпады ма екен деп ойлап отырмын. Айтылуы ұқсас қой», – дейді Берлин Иришев.

Модельер мамандардың пікірінше, бұл екі сөз дыбысталу жағынан ғана емес, жасалуы жағынан да ұқсас. Жапон мен қазақтың ұлттық киімінің ұқсастықтары байқалады.

«Екі киімде ортақ ұқсастықтың бары анық. Бұрындары қазақтың барлық киімі жапондардың кимоносы секілді оранбалы болған», – дейді «Өрнек» ұлттық киім салонының қызметкері.

Жанар Даутова

Жіберіп алмаңыз:

Әр өңірдегі қазақтардың күнделікті қолданатын сөзі (видео)

Белгілі жазушы “әйел” сөзінің – күң мағынасында, ал “қатын” сөзінің дәрежелік атау екенін айтты

Серіліктің 7 белгісі: Жігіттер заман талабына сай қалай киіну керек

Талқылау