Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондар опырылған алып шұңқырды небәрі екі күннің ішінде қалпына келтірді (фото, видео)

Жапондықтар әлемді тағы да таңқалдырды. Бұл жолы жол жөндейтін құрылысшылардың жылдамдығы жұртшылықты тәнті етіп отыр.

095ec3016905c982fb431428cb7f0663

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

8642feb2c306c208958b905139e6a49d

Жол жөндеушілер Фукуока қаласының орталығындағы опырылып кеткен көпжолақты жолды екі күннің ішінде қайта қалпына келтірген.

photo_200172

Жол бойындағы қолайсыздық жер астындағы метро құрылысының әсерінен 8 қараша күні орын алған.

f719f060a8677faecbe77fd90bf0743a

Оқиға нәтижесінде электробайланыс желісі, телефон желісі, газ құбыры мен су құбырларына орасан зор зиян келген.

d9a5cedde06308786dc54c047a783425

Көлемі 30/20 метр болатын, тереңдігі 15 метрлік алып шұңқырды жұмысшылар екі күннің ішінде айнадай жарқыратып қойған.

f14ca9c427d306400db3917c23b47d53

Ал толыққанды қалпына келтіру бір апта ғана уақыт кетіпті.

d286f9415e1dce854f5d7af744d044d1

Жұмыс тәулік бойы жүрген. Шұңқырдың ішіне 6,2 мың куб құм мен цемент құйылған.

Жолды жөндеу кезінде инфрақұрылым қалпына келтіріліп, асфальт төселіп, сондай-ақ, бағдаршам қойылып, арнайы жол белгілері де сызылып үлгерген.

a5ba094912912c118d1279520d4c2ead

15e7b42f8247c5374addc8e3b967bea4

Қала мэрі Соитиро Такасима қалалықтардан орын алған қолайсыздық үшін жазбаша кешірім сұрады.

Талқылау