Жапон боксшысы Головкинді жеңуге уәде етті
Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша жаңа тұрақты әлем чемпионы Риота Мурата Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.
Жапон боксшысы Токиода камерундық Хассан Н’Дам Н’Жикамды жеңгеннен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымызбен жұдырықтасқысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Vesti.kz.
“Мен жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңданып та тұрмын. Қарсыласым жекпе-жекті жылдамырақ аяқтағысы келді. Екеуміз де қатты шаршадық. Мен кездесуді жалғастыра түсіп, шыдамдылық таныттым. Ол жекпе-жекті тоқтатты. Орта салмақта мықты боксшылар көп. Соның бірі – Геннадий Головкин. Мен оны жеңу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын”, — деді боксшы.
Айта кетейік, Риота Мурата мен Хассан Н’Дам Н’Жикам арасындағы бірінші жекпе-жекте камерундық боксшы жеңіске жеткен еді. Кейіннен сол кездесуде төреші болған Густаво Падилья мен Хьюберт Эрл Хассан Н’Дам Н’Жикамға жеңісті бергені үшін 6 айға жұмысынан шеттетілген болатын.
Риота Мурата орта салмақтағы boxrec рейтингінде 17-орында келеді. 13 жекпе-жек өткізіп, 1 кездесуінде ғана жеңілген.
Жіберіп алмаңыз:
Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды
Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты