Жануарларға жасалатын қатыгездік туралы БАҚ-қа жариялауға рұқсат етілген бе?
Осыған дейін экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Александр Милютин БАҚ-та жануарларға жасалатын қатыгездікдікті насихаттауға тыйым салынады деп айтқан болатын. Осыған байланысты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Жоқ БАҚ өкілдері қатігездікке жол бергізбеу туралы насихат жасалғанда айта алады. Бұл бап негізінен қатыгездікті насихаттаттайтын, азаптау керек деп айтатын азаматтар үшін қарастырылған. Яғни қылмыстық жауапкершілкке тартылатын болады”, – дейді ол.
Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін жануарларға қатыгездік танытқандарға қандай ең ауыр жаза қолданылғанын айтып берді.
“Ең ауыр жаза 120 АЭК көлемінде айыппұл немесе 120 сағат қоғамдық жұмыс болған. Ал Заң жобасы қабылданғаннан кейін ең ауыр жаза 1000 АЭК көлемінде айыппұл және бір жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы болады”, – деді ол.
Қазақстанда жануарларға жасалған қатыгездік үшін 583 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Талқылау