AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская күйеуімен ажырасты дегендерге жауап берді

Актриса Жәния Джуринская күйеуімен ажырасқаны туралы қауесеттерге жауап берді.

Жәния жолдасы Данияр екеуі кеше кездескендей бір-біріне ғашық екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жәнияның Instagram желісіндегі оқырмандарының бірі одан “күйеуімен ажырасқаның рас па?” деп сұрады.

"Айтпақшы, бұл сұрақты көп адам қойды. Бұл тақырыпты өздерінің хайптары үшін жазғандар көп. Негізі бізде бәрі жақсы. Бір-бірімізге кеше танысқандай ғашықпыз", – деп сендірді актриса.

23 ақпанның құрметіне Джуринская күйеуімен ынтық қарым-қатынасын көрсететін видео жариялады.

"Әр күнің осындай болсын. Мереке құтты болсын, жігітім!" – деп жазды блогер.

Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары романтикалық бейнені тым ашық деп сынады.

"Бақыт тыныштықты жақсы көреді, бірақ инстаграм талабы бұған көнбейді", "Шын жүректен айтқым келеді, жартылай жалаңаш фотоларды, осындай видеоларды салмаңызшы –  мұның бәрі шайтанның ісі, сеніңіз”, “қарапайымдылық қашанда адамға жарасады", – дейді олар.

Бірақ жанкүйерлер жұптың өте бақытты әрі әдемі көрінетінін айтып, Жәнияны қолдады.

"Сіздерге отбасылық бақыт! Денсаулық, сәттілік тілейміз! Керемет жұпсыздар!", "Бұл өте керемет, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сексуалды және сиқырлы", –  деп жанкүйерлері таңданды.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр