AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа: Тарихта болмаған көкпар болды деп ойлаймын

30 мың адамға көкпар беріп, ұлан асыр той жасаған Әбдіжаппар Әлқожа іс-шарадан кейінгі әсерімен бөлісті. Ол өзін қолдаған барша әріптестері мен достарына алғыс айтып, мұндай көкпардың тарихта болмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ әнші үш ұлын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кешегі тойды қандай сөзбен жеткізіп, қандай видео, суретпен елге жеткізерімді білмей отырмын! Бақытты күн болды! Қаншама халық көкпарда бір үйдің баласындай жүрді.

Ең бастысы, айқай-ұрыссыз, дау-дамайсыз өтті. Тарихта болмаған көкпар болды деп ойлаймын өзім. Алла осы күнге жеткізгеніне сансыз шүкір еттім. Еліміз аман, жұртымыз жақсылықта жүрсін", –  деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Әлқожаның айтуынша, көкпарға арнайы Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Алматы қалаларынан келген қонақтар болған. 



"Жалпы Қазақ дейтін еліме басымды игенім иген. Көрермен болып келген жұрттың қошеметіне, айтқан тілектеріне алғысымды шын жүрекпен айтамын! Барша баршаңызға тек қана алғыс айтамын! Ұлдарымыз өсіп өнсін. Алла тіл көзден сақтасын! Елімізде той думан, көкпар, бәйге көп болсын!" – деді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожаның 30 мың адамға көкпар беріп, дүркіретіп той жасағанын жазған едік. Әнші қос ұлын сүндетке отырғызған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр