"Жаным жай тапты": Әйел комада жатқан кезін ең бақытты сәт деп атады
Ұлыбританияның 81 жастағы тұрғыны Ирен Вамплу екі ай комада жатып, мұны өміріндегі ең керемет сәт деп суреттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап.
Сурет: The Mirror
Британдық әйел 2016 жылы инсульттан кейін комаға түскен. Ол ессіз жатқан кезіндегі сезімін сипаттады.
"Бұл жай ғана қараңғылық пен тыныштық, мен ештеңе естімедім, ештеңе көрмедім, бірақ бұл маған ләззат сыйлады. Мен қорыққан жоқпын, керісінше жаным жай тапқандай болды", – дейді Вамплу.
Дәрігерлер инсульттан кейінгі тексеру кезінде оның өкпесінде ісік барын анықтады. Бірақ бұл ісік қатерлі емес болғандықтан, мамандар дер кезінде көмек көрсеткен. Әжей екі айлық кома оны қатерлі ісіктен құтқарды дейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”