Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаным ашып кетеді": Меруерт Түсіпбаева оқушыларға сыныпты тазалатуға қарсы шықты

Қазақстандық оқушылар сыныпты өздері жуатын болады. Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева білім ошақтарына енгізілетін осындай өзгеріске қатысты өз ойын айтып, қарсы екенін жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жаным ашып кетеді»: Меруерт Түсіпбаева оқушыларға сыныпты тазалатуға қарсы шықты

Instagram желісінде оқушылардың сыныпты тазалауына қатысты пікір білдірген әнші өз жазбасын «қарсымын» деп бастады. Ол Қазақстан мен Жапония мемлекеттерін салыстыруға келмейтінін атап өтті. 

«Қазір бағдарлама күрделі... Балалар экологияның, ГМО, тағы да басқа себептер салдарынан әлжуаз, әлсіз, шетінен «ашушаң»... Біздің мемлекетте Жапония сияқты ауа, көше айнадай таза болмағандықтан, мектеп формасымен, яғни аппақ көйлекпен үстіне төгіп-шашып, қара батпақ-шаңмен алысып жатқан балаларды елестетсем, жаным ашып кетеді», - деп жазады Түсіпбаева.
Өнер иесі білім іздеген оқушыға сыныпты тазалату дұрыс емес деген пікірде.

Сонымен қатар Түсіпбаева мұндай әрекеттің салдарынан инфекциялық аурулар тарай ма деп алаңдайды.

«Еңбекке баулығысы келген ата-ана үйінде жуғыза берсін... Обал! Әркім басқан кір, лас еденді білім іздеп келген жеткіншекке жуғызғанымыз дұрыс емес. Гигиенаны сақтап, одан кейін қолын мұқият жумаса, инфекциялық аурулар эпидемиясы бас көтермеуіне кім кепіл?! Мекемелерде еден жуатын әйелдер қолын қорғап, резина қолғап киіп жуады. Ал балалар ше? Елестетіңізші... Шаң-тозаңмен алысып,тырнақтың асты толған кір-микроб, үсті шаң-тозаң, ауыр шелектен үстіне шашыраған лай су... Шаршаған... Қандай білім?» - деп жазды әнші. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда оқушылардың сыныпты өздері жуатынын хабарланған еді.

Талқылау