Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы аталды

The Ring журналисі Энсон Уэйнрайт қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО) арасындағы жекпе-жекті көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кеше түнде Сергей Деревянченко жеңіске жетті. Мен оның Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жегін көргім келеді. Бұл алынбайтын қамалға қарсы тұратын күш",- деп жазды Уэйнрайт твиттер парақшасында.

 

2019 жылы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте Головкин бірауыздан жеңіске жетті. Алайда көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар Деревянченконы жеңімпаз деп санады.

 



 

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 01 Тамыз, 2022 08:54
Талқылау