Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды
Фото: olympic.kz
Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық Карлос Адамеспен болатын жекпе-жекке ресми түрде келісім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Фото: скрин instagram.com / janibek_alimkhanuly
"Адамес, біз барлық құжаттарға қол қойдық. Енді сені күтіп отырмыз! Неге қол қойғың келмейді? Барлық құжаттар үстеліңнің үстінде!" – деді Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, тараптар жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойған. Адамес – WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы қазіргі чемпион, ал Жәнібек WBO белбеуінің иегері. Кездесу екі мықты боксшы арасындағы біріккен титул үшін өтетін маңызды айқас болмақ.
Әзірге жекпе-жектің нақты күні мен орны алдағы уақытта жарияланады.
Талқылау