AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын нокаутпен жеңіп алды

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлімханұлы Лас-Вегаста АҚШ-тан британдық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Алайда екінші раундта қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді. Бірінші раундтың өзінде Дигнум нокдаунға түскен.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы про-рингте он екінші жеңіске жетіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атанды. Дэнни Дигнум кәсіпқойлар арасында бірінші рет жеңіліп отыр.



Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде екенін еске саламыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр