Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарында тек қарап тұрдық: 24 жастағы ұлынан айырылған ана сот үкімімен келіспеді

Жүз мың теңге үшін Зиннұр Хамитовты азаптап өлтіргендердің жазасымен жәбірленуші тарап келіспейді. 24 жастаға ұлынан айырылған Әлфия Хамитова баласын өлтіргендер әділетті жазасын алмады дейді. Сөзінше ұлының қазасына кінәлі деп танылған 4 азаматқа бастапқыда адам өлтіру бабы бойынша айып тағылып, артынша бәрі өзгеріп, қылмыскерлер жеңіл жазамен құтылып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жандарында тек қарап тұрдық: 24 жасар ұлынан айырылған ана сот үкімімен келіспеді24 жастағы жігітті өлтіргені үшін төрт азамат 4 жылдан 16 жылға дейін сотталып отыр. Оның екеуі 15-16 жылға сотталса, қалған екеуі болған қылмысты хабарламады деген айыппен 4 жылға темір торға қамалған.  Алайда ұлынан айырылған ана Зиннұр Хамитовты төрттеуі жабылып ұрды деген сенімде. 

«Баламды азаптап өлтірген, денесінен сау жері қалмаған. Көзін ағызып жіберген, сынған сүйектерін кәдімгідей жинап құрастырдық. Олар бұл қылмысты төрттеуі бірігіп алдын ала жоспарлап істеген. Ұлымды өлтіріп су арнасына лақтырып жіберген», - деп қынжылады байқұс ана. 

Іс материалдарына қарағанда Зиннұр Хамитов – Аблакимов Тұрсынға 100 мың теңге көлемінде қарызға ақша берген. Ал Тұрсын Зиннұрды ақшаны қайтарып берем деп шақырып алып, өлімше етіп сабап, су арнасына лақтырып жіберген. Ақшаны қарызға алған жігіттің қасында үш досы болған деп көрсеткен тергеу ісі. Олар жәбірленушінің қалтасында болған Тұрсынның қарыз алдым деген қолхатын да алып кетіпті. Полицейлер қолхатты тергеу барысында қылмыскерлерден тәркілеп, іске қосқан. Жәбірленушілердің анасы қанды қылмыскерлер қылмыстарын жасыру үшін дәл осы дәлел ғана керек болды деген сенімде. Себебі Зиннұр анасына қарыз ақшасын алуға кетіп бара жатқандығын айтып кеткен екен. 

Ұлының артынан шырылдап жылыған ананың апеляциялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылған. Ал, екеуі тек қарап тұрдық деп сытылып шығып, төрт жылға ғана қамалғандардың сөзіне ана жүрегі сенбейді. Енді шырылдаған ана жоғарғы сотқа шағымын түсірмек.  

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Қазан, 2019 08:52
Талқылау