Жанболат пен Жазира қызының 1 жасқа толған туған күнін атап өтті

Жанболат пен Жазира қызының 1 жасқа толғанын атап өтті. Бір жыл бұрын екінші рет ана атанған әнші қызы Дараның туған күнінен естелік видеоларды жариялады. 

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жария етті.

"Балапаным, 1 жасқа толуыңмен құттықтаймын!", - деп жазды Жазира Байырбекова парақшасында.
Әнші қызының туған күніне орай отбасылық видео жариялады. 

Желі қолданушылары мен өнердегі дос-әріптестері құтты болсын айтып, ақ тілегін жаудырып жатыр. 

"Керемет, балапанның ғұмыры ұзақ, дені сау болсын!", "Дараның туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бақытты балалық шақ тілеймін. Қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Құттықтаймын! Өмір жасы ғұмырлы болсын", "Жасы ұзақ болсын", "Дені сау болсын, өмірі мәнді де сәнді болсын", "Көз қуаныштарыңыз болып жүре берсін", "Әрдайым қуаныш болсын", - деп жазды олар. 

Бұған дейін жұлдызды жұп қызының өмірге келгенін елден жасырып келді. Алайда БАҚ өкілдері Байырбекованың екінші рет ана атанғанын жарыса жазды. Жазира ханымның әпкесі Ляззат Байырбекова қалай болса да Дара аман-есен өссе болды деген пікір айтты. 

"Біздің әкеміз Жанболат қаламады. Кішкене ет алсын, өссін. Халық кейін біле жатар деді. Бірақ біз ешкімнен жасырған жоқпыз. Туған-туысқан, айналадағы дос-жарандар білді", - деді Жазира ханым. 



Жанболат пен Жазираның отау құрғанына 23 жыл толды. Дараның алдында ер жеткен ұлдары бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр