Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет Қазақстан бойынша 16-18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың батыс бөлігіне ғана солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, соның салдарынан жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша жел күшейеді.

Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-20 градустан 15-25 градусқа дейін көтеріледі, солтүстік-батыста түнде 0-12 жылудан 0-5 аязға дейін төмендейді. Солтүстікте түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеп, оңтүстік-шығыста 5 градус жылы болады.

Республиканың орталығында 2-7-ге дейін шамалы көтеріліп, еліміздің шығысында түнде 2 градус аяздан 0-8 жылыға дейін көтеріледі.

Күндіз температураның негізгі фоны 15 градус жылы болады.

Оңтүстікте күндіз 23-32 жылы болады. Оңтүстік-шығыста күндіз 22-30-дан аздап көтеріледі.

Таулы аудандарда 18 жылыдан 25-32 жылыға дейінгі аралықта, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.

Айнұр Мұхади
Жұма, 15 Сәуір, 2022 15:07
Талқылау