AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар-жағармай нарығы: Бизнес неге бөлшек саудаға ұмтылады?

Жақында мұнай өнімдерінің бөлшек саудасын дамыту мәселесі, жанармай құю бекеттері бизнесіне әкімшілік ықпал ету тетіктері сынды саладағы келелі мәселелер талқыланды.  

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттай ма?

Қазақстандық жанар-жағармай нарығы мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының теріс динамикасы аясында тұралап қалды. Үкімет пен бұқаралық ақпарат құралдары жыл басынан бері жанармай бағасының 13%-ға өскенін хабарлауда. Бірақ бұл жолғы қымбатшылық ең алдымен 2020 жылдың қаңтарындағы акциз мөлшерлемесінің өсуі салдарынан орын алғанын ұмытпаған абзал. Сондықтан баға тек ішкі нарықта жанармайға сұраныс қалпына келтіргеннен кейін ғана нарықтық көрініс тапты.

Сараптамалардың бірінде қазір Қазақстанда бензиннің көтерме және бөлшек саудадағы бағасы арасындағы айырмашылық шамамен 17%-ды құрайтыны айтылған болатын. 17% деген қанша?  

Мәселен АИ-92 бензинін алсақ шамамен литрі үшін 26 теңге. Көтерме және бөлшек сауда арасындағы барлық шығындарды ескерсек бұл:  

1. зауыттан өткізу нарығына тасымалдау – шамамен 8 тг/л;  

2. мұнай базаларында сақтау қызметі – 2-3 тг/л;  

3. Резервуарлық парктен жанармай құю стансасына жеткізу – 2-3 тг/л;  

4. жанармай құюға тікелей шығындар – алақы, салықтар, коммуналдық төлемдер, қызмет көрсету, банктік несиелерге қызмет көрсету – шамамен 13 теңге .

Нәтижесінде, бүгінде бөлшек саудадағы кіріс литріне 2 теңгеден аспайды. Бұл жанармай құю стансаларының дамуы мен нарықтағы бәсекелестік үшін жеткілікті ме? Өз басым жеткіліксіз деп ойлаймын.

Ауқымды құрылысқа қосымша банк несиелерін тарту қажеттілігі туралы көп айтуға болады. Иә, мәселенің шешімі осы. Бірақ жанармай құю стансаларының инфрақұрылымына және қазіргі нарыққа қарасақ, бұл 7-10 жылға созылатын ұзақ мерзімді  инвестиция екенін түсіну қиын емес.  

Ал бөлшек саудадағы ойыншылар осындай ұзақ мерзімді қарыз алуға дайын ба? Әлде банк секторы мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығындағы тұрақсыздық ескере отырып осындай жобаларды қаржыландыра ма? Мұнда да түйіні тарқамаған сауал көп. 

Қазіргі жағдайда бөлшек сауда субъектісі тек өз есебінен дами алады, ал бизнестің қазіргі деңгейі сауданы дамытуға инвестиция салуға жеткілікті ме?  Бұл да өте күрделі мәселе.  Қазіргі кезде бөлшек сауданың таза табысы 1%-дан сәл ғана асады.

Нарық қатысушылардың көпшілігі тәуекел аймағында, былайша айтқанда қызметтерін тоқтатуға жақын. 

Сонымен, қазір мұнайшылардың қомақты табысы туралы әңгімелер "су сепкендей" басылды. Себебі "қара алтын" бағасының шарықтау кезеңіндегі жалақылар уақыты артта қалды. Бүгінде мұнай өнеркәсібі өте қиын жағдайда, сектордың кірісі тек негізгі шығындарды жабуға жетеді.

Ал бөлшек бизнеске бәсекелестікті дамыту және өзіне инвестиция салу үшін қандай қадам жасау қажет?  Әлемдік тәжірибеге сүйенсек көтерме және бөлшек сауда арасындағы айырмашылық 30% деңгейінде.  Бұл ретте "әлемдік тәжірибе" түсінігіне мұнай өңдеу зауыты немесе теңіз портына өткізу нарықтарының жақындығын ескеру қажет.  Қазақстанда жанармайды мұнай өңдеу зауыты мен ел аймақтары арасындағы тасымалдау шығындары литріне 8 теңгеден асады.

Бұл ретте көтерме және бөлшек саудадағы 30%-дық айырмашылық қазақстандық жанармай құю бекеттерінің дамуына мүмкіндік береді деп есептеуге болады. Неліктен? Себебі мұның барлығы тұтынушының есебінен төленеді. Қызмет түрлерін кеңейтіп, сапасын арттыру – мұның бәрі тұтынушыға бағытталған.  Демек, сіз жоғары сапалы қызмет алғыңыз келсе – қосымша ақша төлеуіңіз керек.

Автор: Ерлан Жаукин

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр