Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды

Жуырда “Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері” атағына ие болған Жанар Дұғалова тарихи роман жазып жатқандығын айтты. Мұнымен қатар, продюсерсіз жұмыс істеудің қиынға соққанын айтып, алдағы арман-мақсаттарымен бөлісті.

129890b84352c1422617362b6acc71f3

Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/

Әнші бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтып берді.

Жанар Дұғалова әншіліктен бөлек, тарихи роман жазуды қолға алған. Ол осы уақытқа дейін кітап жазып көрмесе де, өлең жазып, сазгер атанып үлгерген еді.

“Қазір тарихи роман жазып жатырмын. Бұл кітабым трагедия жанрында болады. Қашан бітетінімді айта алмаймын”, – дейді әнші.

“KeshYou” тобынан арадағы түсініспеушілікке бола кетсе де, әнші Баян ханымды екінші анасындай көретіндігін айтты.

“Қазір продюсерім жоқ. Баян Мақсатқызынан кетсем де ол мен үшін өмірімдегі ең жақын адамым болып қала береді. Екінші анам деп айта аламын. Продюсерсіз кішкене қиындау, бүгін міне Алматыдан Астанаға ұшатын әуе рейсіне де кешігіп қалдым”, – деп күлді Дұғалова.

3b23d588acf8935cb638ea5572c0ae0f

Ал арманы туралы қойылған сұраққа “Көп адамдар қартаюдан қорқады. Ал мен керісінше ертерек қартайып, әже болсам ғой деп асыға күтіп жүрмін. Ол деген жақсы. Немерелерімді қасыма жинап, сүйікті кітабымды оқып, шығармашылықпен айнасып, терезенің алдында күннің шуағына қарау қандай бақыт”, – деп жауап қайырды Жанар Дұғалова.

Жанар Дұғалова өзінің ең алғашқы табысын 14 жасында тапқан. Оны ата-анасына берместен, фотоаппарат сатып алған екен. Дәл қазір әншілерге тапсырыспен өлең жазып жүр. Алау тобының орындауындағы “Қазақстанға қош келдің” әнінің сөздері Жанар Дұғаловаға тиесілі.


Жіберіп алмаңыздар:

Депутат болмай қалған Жанар Дұғалова Америкаға аттанды

Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді

Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Баян Есентаева енді Жанарды жақтап сөйледі

Талқылау