Жанар Дұғалова сәнді киімдер жарнамасына түсті
Елімізге танымал әнші, актриса Жанар Дұғалова инстаграмдағы парақшасында белгілі киім дүкенінің көйлектерін жарнамалағанын жазды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Суреттен өзге топтаманың түрлі киімін жарнамалайтын видео да бар. Әнші осыған дейін де инстаграмдағы парақшасына осы дүкеннің киімдерін концерттерде киіп түскен суреттерін салған болатын.
Әншінің желідегі жазылушылары үстіндегі киімдерге қатысты түрлі ойларымен бөлісуде. Бірі “Көйлек өте жарасымды” десе тағы бір тыңдармандары “Бұл көйлектер әншінің сұлу сымбатын әдемі етіп көрсете алмай тұр” деп бағалаған.
Осы киім дүкеннің киімдерін киген суреттерін отандық танымал жұлдыздардың арасында Мөлдір Әуелбекова мен сәнбике Әсел Сағатова да жариялаған.
Талқылау