Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендік 14 жастағы жас жұбайлардың суреті жалған болып шықты

Жаңаөзендік он төрт жастағы жас жұбайлар делінген сурет соңғы күндерде Қазнетті шарлап кетті. Суретте “Ақтауда 2003 жылы туған қыз бен бала некелесті” деп жазылған.

Безымянный

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Алайда бұл ақпаратты Маңғыстау облысының ешбір өкілетті органы растамады.

“Шұғыл жағдайда 16 жасында жастар некелесуі мүмкін, оның өзінде қамқорлық органдарының рұқсаты және келісімі, жауапкершілігімен ғана. Ал он төрт жастағы балаларды некелестіруге біздің ешқандай жағдайда құқығымыз жоқ. Мен ол суретті әлеуметтік желіден көрдім, сірә, олар кәмелетке толған жастар. Олар туралы біздің ведомствада ешбір ақпарат кездеспейді. Бұл неке облыстық әділет департаментінде тіркелмеген”, – деді облыстық әділет департаменті азаматтық актілерді тіркеу орталығының жетекшісі Ләззат Ахметова.

Облыстың бас имамы Смаиыл Сейітбеков те жастардың сырт келбеті жиырмаға толған адамға ұқсайтынын айтады.

“Заң бойынша біз Неке орталығында тіркелген жастарды ғана қабылдаймыз, және 16 жастан төмен болмауы тиіс. Сол себепті мешітте ондай шараның өтпегенін анық айта аламын. Менің бір білетінім суреттегі жігіттің жасы 20-ға тақау. Оны маған бір адам айтты”, – дейді имам.

Талқылау