Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендерге қатысты жаңа ақпарат белгілі болды: Біреуі есін жиды

Жаңаөзен қалалық ауруханасының реанимациясындағы үй жарылысынан зардап шеккен әйел есін жиды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

жанаозен жарылыс

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам ауыр хәлде жатқаны айтылды. Соның бірі есін жиды. Әйелдің денесі күйіп, омыртқасы сынған. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауыр жағдайда, реанимацияда жатыр.

Дәрігерлер жәбірленуші жасанды тыныс алу аппаратынан ажырап, өздігінен дем алып, есін жиғанын атап өтті. Ал жарылыстан зардап шеккен ер адамның халі әлі де қиын.

Жарылыс кезінде тірі қалған тұрғындар қайғылы оқиға туралы айтты. Бірнеше апта бұрын жарылыс болған үйінің ауласында жұмысшылар құбырларды ауыстырған.



Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуірде Жаңаөзенде үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан төрт адам қаза тапты. ТЖМ жарылыс газ баллонынан шықпағанын мәлімдеді. Маңғыстау облыстық прокуратураның мәліметінше, көппәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған.

19 сәуірде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкіміне жарылыс салдарын жою жұмыстарын жедел аяқтауды тапсырды.

Ауруханада екі адам қалды, 1977 жылғы ер адам және 23 жастағы әйел, ол жүктіліктің 17-18 аптасында болған. Оларға ота жасалды.

Талқылау