Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері мен мұнайшылар вакцина салдыруға қарсы шықты

Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері, мұнайшылар мен қаланың түрлі кәсіпорындарының қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинациялауға қарсы шықты, олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеожолдау жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз вакцинацияға қарсымыз", – дейді Instagram-дағы zhanaozen_online парақшасында жарияланған видеода.

"Лада" басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ведомствода медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілері COVID-19-бен ғана емес, сондай-ақ жалған ақпаратпен күресіп жатқанын айтады.



"Жалған ақпарат психологиялық жағдайға әсер етеді. Жаңаөзеннің жедел және шұғыл медициналық жәрдем қосалқы станциясына жұмыскерлердің 30 пайыздан азы ғана вакцина екті. Осы қосалқы станцияның 139 қызметкерінің тек 45-і ғана вакцинацияланды және өздерін жақсы сезінеді, ешқандай шағымдары жоқ. Вакцина салдырудан бас тартулары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен қауесеттің таралуына байланысты. Жедел жәрдем коронавируспен күресуде алдыңғы қатарда жүретіні белгілі.

Ковид инфекциясы бар немесе  оған күдікті адамдар ең алдымен "103" қызметін шақырады. Егер жұмысшылар егілмесе, олар қызмет көрсететін халыққа қауіп төндіруі немесе өздерін жұқтыруы мүмкін екенін түсіну керек. Қазір вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарайтын уақыт келді. Еш қиындықсыз жүздеген адамға вирус жұқтырасыз. Мұның салдары халық үшін де, жұмысшылардың өздері үшін қайғылы болуы мүмкін", – деді Денсаулық сақтау басқармасы.

 

Назерке Мұса
Дүйсенбі, 05 Шілде, 2021 17:11
Талқылау