Жаңаөзенде мұнайшылар тағы ереуілге шықты
Жаңаөзендегі "Кезби" ЖШС мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсету кәсіпорнының қызметкерлері жалақы мөлшеріне көңілдері толмай, ереуілдеп тұрғанына тоғыз күн болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "Актау-Лада" порталына сілтеме жасап.
"Кезби" ЖШС жұмысшыларының айтуынша, жұмысшылардың 10 пайызы ғана жұмысқа шыққан. Қалғандары жұмыстарын тастап, талаптарын айтып тұр.
Мұнайшылар жалақыны 20 пайызға көтеруді және 12 сағаттық жұмыс күнін белгілеуді талап етеді.
Жұмысшылар әзірге мәселелерінің шешілмегенін айтады.
- Жаңаөзенде геофизиктер бейбіт ереуілге шықты
- Ауыз су тапшылығы: Жаңаөзенде қыркүйекке дейін су кесте бойынша беріледі
Еске салайық, өткен аптада компанияның жалақыны көтереміз деген уәдесінің орындалмай қалғанынан кейін "Кезби" ЖШС жұмысшылары бейбіт митинг өткізген еді.
"Кезби" ЖШС жұмысшылары былтырғы жылдан бері наразылықтарын білдіріп келе жатыр. 2021 жылдың жазында жаппай ереуілдің нәтижесінде олар өз жалақыларының көтерілуіне қол жеткізген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”