Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде көпқабатты үйдің бірінің жертөлесінде екі жұмысшы қайтыс болды

Жаңаөзенде үйлердің бірінің жертөлесінде кәрізді жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

жедел жәрдем
Желіде тарап кеткен видеода оқиға болған жерде жедел жәрдем жүр. Және қайтыс болғандардың бетін шүберекпен жауып қойған.

Маңғыстау облысының коммуналды қызметі оқыс оқиға 8 қарашада  №2 Самал шағынауданында болғанын хабарлады. Қайтыс болғандар қалалық коммуналды компаниясының қызметкерлері. 

"Марқұмдардың кім екені анықталды. Бұл іс Жаңаөзен әкімі Мақсат Ибагаровтың қарауында", - деді аймақтық коммуникациялар қызметі.

Талқылау