Жаңаөзенде қаңғыбас иттер жасөспірім қызға шабуыл жасады
Жаңаөзенде 13 жастағы жасөспірім қызға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Жергілікті блогер Ақмарал Байбоздың мәлімдеуінше, жақын жерде оқиға куәгерлері көмекке асығып, жануарларды қуып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
“Балалар ғана емес, үлкендер де көшеге шығуға қорқады. Биліктен шара қолдануын сұраймын", — деді блогер.

2022 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң күшіне енгізілген болатын. Жаңа ережеге сәйкес айықпас дертке шалдыққан немесе агрессивті иттерді ғана өлтіруге рұқсат етілсе, қалғандары міндетті түрде зарарсыздандыруға жатады.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев