AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар қала әкімі алдында қаңғыбас иттер мәселесін көтерді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында қаңғыбас иттерге қатысты мәселе көтерген тұрғындарға жауап берді. Ол жағдайдың алдын алу үшін үй жануарлары иелерінің жауапкершілікті сезінуі керек екенін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Медеу ауданында тұрғындармен кездесу барысында Алатау ықшамауданының тұрғыны әкімге мәселені айтты.

"Қаңғыбас иттер қазір өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазір жаз мезгілі, балалар көшеде ойнайды.  Бізде ауданымыз үлкен, көптеген тұрғын үйлер бар. Соңғы кезде ойын алаңдарына иттер шабуыл жасауда. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Бізге ветеринарлық емхана, иттерді серуендеу алаңы керек. Осы мәселеге көмектесіңізші", – деді тұрғын.

Бұл сауалға мегаполис басшысы Ерболат Досаев иттерді ұстауға тиісті қаржы бөлінгенін және қалада чиптеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, жауап берді.

"Сіздің сұрағыңыз түсініксіздеу болып тұр. Біз қаңғыбас иттер мәселесін талқылап отырмыз. Ал сіз сонымен қатар үй жануарларын серуендету үшін аумақ сұрайсыз. Сізге не маңыздырақ екенін шешіп алайық", – деді Досаев.



Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин жыл басынан бері 130 өтініш түскенін қосты. Ол Алатау ықшамауданында өтініштердің аз екенін, бірақ қаңғыбас иттер мәселесі бар екенін мойындады. Қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров тұзақпен айналысатын мамандарға күніне 30-ға дейін өтініш түсіп, 25-ке дейін үйсіз жануарларды аулайтынын атап өтті.

Ерболат Досаев үй жануарларының иелерінен бұл мәселеге назар аударуды талап етті.

“Мен ең алдымен үй жануарлары иелеріне назар аударғым келеді. Көптеген қаңғыбас иттер үй қарамағынан шыққан. Алдымен адамдар итті асырап, бағады, кейін ол итті қараусыз қалдырады. Иттер жинала жүріп қаңғыбас, қабаған болып, балаларға шабуылдап жатады. Қазір осының салдарынан еліміздің көптеген аймағында әсіресе кішкентайлар арасында құрбан болған жағдайлар орын алуда. Балалар басынан ит асырауды сұраған кезде бұл істің соңына дейін жауапкершілікті талап ететінін ескергендеріңіз жөн. Балаға ит бір айдай уақыт қызық болуы мүмкін, алайда ары қарай жануарға қамқорлық пен жауапкершілік үлкендердің мойнында", –  деп қосты әкім.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр