Жаңадан ашылған дәмханадан жеңілдік алуды қалаған келушілер табытқа түскен
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өлімге арналған кафе ашылды. Келушілерді таң қалдырған мекеменің кіре берісінде «Сіздің өміріңіздің мәні неде?» деген сөз жазылған тақта ілініп тұр. Дәмхана иелері оның ішін тақырыпқа сай безендіріп, кафенің бұрышындағы диванға адамның қаңқасын жатқызып қойған.
Бұл туралы South China Morning Post хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар, кафе әкімшілігі дәмхана мәзіріндегі сусындардың атауына «өлім» және «ауру» деген сөздер қосып қойған. Ал кафенің дәл ортасында орналасқан ақ табытта бірнеше минут жатуға келіскен келішілерге жеңілдік беріледі екен.
Кафе иесі болып табылатын әлеуметтанушы Виранут Роджанапрапаның айтуынша, ол Тайланд халқына адам өмірінің өтпелі кезеңін еске салғысы келеді.
«Адам өз өлімін еске түсірсе, олар жақсылық жасайды. Раббымыз Будда осылай үйретеді», – деп түсіндіреді ол.
Роджанапрапа табыттың ішінде бірнеше минут жату жасөспірімдер үшін пайдалы деп есептейді.
«Олар табытқа жатқанда, біздің қызметкерлеріміз оның бетін жабады. Табыттың іші қараңғы және тар болғандықтан жасөспірімдер өздерін біле бастайды. Сол кезде жастар әлі жасауы тиіс нәрселерді ойлап, өлімге асықпайтын болады», – дейді ол.
Оқи отырыңыз:
Ұлдарын мүгедек қылған ата-ана 21 жылдан кейін баласының өлімі үшін сотталды
Жеңімпаздың лотереядан ұтып алған көлігін 50 жылға жерге көміп тастады
Мас болған турист Альпіде тоқтаған қонақ үйін іздеймін деп, 2400 метр биіктіктегі тауды бағындырды
Ұзақ қарап отырса көзден ғайып болатын суреттің құпиясы ашылды