Бұдан сорақысын таппайсыз: Қазақстандықтар Жаңа жылға беруге татымайтын 10 сыйлықты атады

2020 жыл — тышқан жылының келуіне санаулы күндер ғана қалды. Бәрі туыс-туғандарына, достарына, әріптестеріне сыйлық іздеп, әлек үстінде болар. Осы орайды Stan.kz ақпараттық агенттігі жаңа жыл мерекесіне беретін сыйлықтардың ішіндегі ең пайдасыздарын атайды.

  1. Тышқан түріндегі сувенир

2019 жыл доңыз жылы болып табылғандықтан доңыз түріндегі сувенирлер дүкен сөрелерінде қаптап тұрады. Арзан, әдемі, әрі келе жатқан жылға сай. Бірақ былтырғы жылдың иесі түріндегі сувенирлерді қайда жібереміз?

Жыл иесі түріндегі сувенирлер ең өтімді, бірақ пайдасыз сыйлықтар қатарына жатады. Өйткені әр жаңа жыл сайын жыл иесі түріндегі сувенирлер көбейіп кетеді, тіпті оларды қояр орын да табылмай жатады. Және ең қызығы бұл сыйлықты тек 12 жыл өткеннен кейін ғана басқа біреуге сый ретінде тарта аласыз.

  1. Фотоальбом

Бүгінгі күні информациялық технологиялар дамыған кезең болып табылғандықтан көптеген адамдар фотосуреттерін компьютер, ұялы телефон немесе ноутбуктарында сақтағанды жөн санайды. Сондықтан сіз жақыныңызға фотоальбом сыйлап қуантамын десеңіз қатты қателесесіз. Өйткені ол шкаф сөресінде шаңға батып тұруы мүмкін.

Ал фоторамкаға келер болсақ, таныстарыңыздың үйін, кеңсесін көрмей жатып, оның жеке талғамын білмей жатып, фоторамканы сыйға тарту біршама қиындықты тудыруы мүмкін. Сондықтан фотоальбоммен қоса фоторамка жа пайдасыз сыйлықтар қатарына кіреді.

  1. Косметика

Адам терісінің түрі, оның сезімталдығы, жағымды иісі, бренд – біреуге косметика сыйларда осылардың бәрін ескеру қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан сіз берген сыйлық пайдаланылмай басқаларға сыйлық ретінде кете береді. Әрі жаңа жыл қарсаңында көптеген дүкен сөрелерінде арзан косметиканы әдемі қорапқа орап бағасын біршама көтеріп қояды. Сондықтан сыйлық жай ғана пайдасыз емес, әрі орынсыз қымбатқа шығуы мүмкін.

  1. Әдемі қораптағы тәттілер

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кез келген дүкендерде кондитерлік жиынтықтар сатылады. Сырты көздің жауын алғанымен, іші дәмсіз тәттілерге толы болады. Тіпті тәттілер оралған қағаздар әдемі болғанымен, ішінде бояғыштар, өсімдік майы қосылған шоколадтар болады. Тағы айтарымыз бұл сыйлықты алсаңыз тек әдемі қорап үшін ақша төлейсіз.

  1. Күнтізбе мен блокнот

Қазір жоғарыда айтып кеткендей көп ақпаратты ұялы телефон, ноутбуктарда сақтайды. Блокноттардың орнына электронды блокноттар келді.  Ал күнтізбені сый ретінде алған адам оны тек бөлме қабырғасына іліп қояды, алайда оны пайдаланбай ұялы телефонындағы күнтізбеге қарағанды ыңғайлы санайды. Ұялы телефонда тіпті ескертулерді сақтап қояды.

  1. Қабырғаға ілінетін сағат немесе қол сағаты

Жоғарыда айтқандай бұл сыйлықтарды берерде де адамның талғамын ескеру керек. Екіншіден, үйдің немесе бөлменің дизайнын білу керек, тек сонда ғана сыйлығыңыздың пайдасы болар. Қол сағатына келер болсақ, ол да адамның талғамына келіп тіреледі. Тағы бір ескеретін жайт, қазақта «Сағат сыйлауға болмайды» деген ырым бар. Себебін сол адаммен қарым-қатынасың үзіледі деп болжайды.

  1. Ыдыс-ақ

Жаңа жыл қарсаңында дүкен сөрелерінде жоғарыда айтылған заттардан бөлек ыдыс-аяқтарды көп қояды. Әрине, қолжетімді бағада болғандықтан, көбі сыйлық ретінде ыдыс-аяқ алуды жөн санайды. Алайда әдемі қорапқа қапталған ыдыс-аяқтар тағы да өз құнын ақтамайды. Әрі әрбір келіншек ас үйіндегі ыдыстарды өз талғамымен алғанды дұрыс деп біледі. Сондықтан ыдыстар аламыз деп бас қатырмаңыздар.

  1. Айна

Кез келген үйде тәртіп бойынша белгілі бір бөлмеде бәріне арналған үлкен айна болады. Одан бөлек міндетті түрде әр бөлмеде немесе жатын бөлмелерде, әрі жуынатын жерде айналар ілініп тұрады. Демек кез келген үйге айнасы сынып қалған жағдайда ғана болмаса, артық айнаның қажеті бола қоймас.

Дегенмен заманауи әдемі өрнектелген, авторлық айналарды тапқан кезде ерекше сый ретінде ұсынғанда тұрған ештеңе жоқ шығар.

  1. Қолшатыр

Қыстың күні жаңбыр жауа қоймас, әрі қар да күнделікті түспейді. Бірақ әрбір отбасының мүшесінде бір қолшатыр міндетті түрде болады. Ол тез уақыт ішінде ескіре де қоймайды. Демек бір қолшатырды бірнеше жыл ұстауға болады. Сондықтан сыйлық ретінде қолшатыр алған адам аса қуана қоймасы анық.

  1. Шұлық немесе қолғап

Әр адамда  сыйлықсыз-ақ бірнеше шұлық болатыны анық, ал енді қолғабы біреу болуы мүмкін. Дегенмен, бұл сыйлықтарды да кез келген жан жақтырта қоймас. Шұлығы да, қолғабы да бар адамға шарф сыйлаймын деп те әуре болмаңыз. Егер сыйлық беретін адамыныңыз түрлі түсті шарфтерді тағуды ұнататын жан болмаса. Алайда суық күні жылы шұлық пен қолғап, оның үстіне шарф сыйлаймын десеңіз, жаныңыз ашитын жақыныңызға беріңіз.


Тағы оқыңыз: Жаңа жыл туралы қызықты деректер 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Перзентханада жаңа туған сәбиді ит жеп кетті

Аурухана басшысы баланың өлі туғанын айтты

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабық

Биылғы қыста жауын-шашын мол болды

Оглядывайтесь вокруг, запирайте двери: Певица Уатхан Заханқызы призвала девушек к осторожности

Көкшетауда студент  университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті

Курстастары оның аяғын ұстауға тырысты, бірақ нәтиже болмады

Мұғалім қыздардың етегінің астын жасырын камера арқылы бақылап келген

Ер адамның үйінен балалар порнографиясын қамтитын 100-ден астам суретті тапты

Можно ли мусульманам нырять в прорубь в Крещение? Ответ имама

Қытайдан бастау алған коронавирус адамға қалай беріледі

Бекшин: Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен суық тию белгілері бар адам дереу дәрігерге қаралуы керек

"Актер болуды армандаған емеспін": "Менің атым Қожадағы" әйгілі Қожа қазір немен айналысады?

Нұрлан Санжар: Көшеде танып жатады, бірақ бұл менің титығыма тиеді

Шымкентте көпбалалы аналар тағы да шу шығарды

Көпбалалы ана: Еgov сайтында наурыз айына дейін ақша берілді деп көрсетілген, бірақ біз қолға алған жоқпыз

Қазақстан шетелге мұнай тасымалдау үшін неліктен Ресейден рұқсат сұрайды

Саясаттанушы: Мұнай мәселесін Ресейсіз шеше алмаймыз
Çàãðóçêà...