Жаңа жыл мерекесі кезінде денсаулыққа қауіп төндіретін тағамдар
Мамандар жаңа жыл мерекесінде уланып қалмау үшін қандай шаралар қолдану керектігін айтып берді.
Қазақстан тұтынушыларының құқығын қорғау бойынша комитет жаңа жылжық мерекеде ұстануға тиісті ережелерді ұсынды, деп жазды Sputnik.
“Мерекелік дастархан жаяр кезде тағамдардың сақталу және қолданылу мерзіміне жіті мән беріңіздер. Шикі және дайын өнімдерді бір жерде сақтамаңыздар, ал азықтың сапасына аз да болса күмәнмен қарасаңыз, оларды дастарханға мүлдем қоймаңыз. Әсіресе, кешегіден қалған тағамдарды тұтынбаңыз», – делінген комитеттің кеңесінде.
Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарды тазалық пен жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға шақыруда.
«Жаңа жылдық мереке кезінде алдағы күндерге жетсін деген мақсатпен мол қып дайындаудың қажеті жоқ. Құс етінен әзірленген дайын тағамдар, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез және қаймақ қосылған салаттар, құрамында крем бар кондитерлік өнімдер (торттар мен тәттілер) ең көп қауіп туғызатын тағамдар», – деп кеңес берді мамандар.
Сондай-ақ, заңсыз орындарда саудаланып тұрған үйде әзірленген консервілік азықтарды (үйде әзірленген салаттар, саңырауқұлақтар) сатып алмауға кеңес берілді. Бұл ботулизм ауруына душар етуі мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар науқастарға әйел-дәрігерлерге қаралуға кеңес береді
Қатты қуану қауіпті болуы мүмкін
Қанның 9 түрлі көрсеткіші денсаулығыңыз жөнінде толық ақпарат береді