Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қалай болады

Фото: 2gis.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекелері күндерінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс кестесі қалай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

1, 2 және 7 қаңтар күндері ХҚКО-лар, оның ішінде автокөлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған орталықтар да жұмыс істемейді.

Кезекші орталықтар азаматтарды 3 қаңтар, сенбі күні қабылдай бастайды. Жұмыс уақыты – 9:00-ден 13:00-ге дейін.



5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Сондықтан барлық ХҚКО әдеттегі режимде қызмет көрсетеді. Жұмыс күндері азаматтарды қабылдау 9:00-де басталып, 18:00-де аяқталады. Кезекші және мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске алсақ, бұғаан дейін 2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар 12 күн демалатыны туралы хбарлаған едік. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 08:47