Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа жылдан кейін жоғалып кеткен жеткіншек өлі күйінде табылды

Алматыда 1 қаңтарда жоғалып кеткен жасөспірім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы жігіт 1 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында Жетісу ауданындағы үйінен белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен. Оны  еріктілер, полиция, құтқарушылар іздестірген. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.


Көліктің астына түсіп кете жаздаған: Жасөспірім үш жасар қарындасын құтқарып қалды (видео) 


Мәліметтерге сүйенсек, бозбала суицид жасаған. Жас жігітті көпірдің астында асылып тұрған күйі тауып алған. Бұл қадамға оның не себепті барғаны белгісіз. 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 06 Қаңтар, 2021 13:15
Талқылау