Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көліктің астына түсіп кете жаздаған: Жасөспірім үш жасар қарындасын құтқарып қалды (видео)

Бразилияның Рондонополис муниципалитетінен келген жасөспірім өз өмірін қатерге тігіп, көліктің астына түсіп кете жаздаған үш жасар сіңлісін құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail хабарлайды.

10 желтоқсан күні кішкентай қыздың дүкеннен шығып көшеден өткені бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Артынша ол біраз уақыт бойы мотоциклистің жанында тұрады. Осы сәтте сауда орталығынан жасөспірім жігіт пен анасы шығып келе жатады. Олар жолдан өтіп, баланы алмақ болады. 

Үш жасар қыз жолға қарай жүгіріп шыға бергенде екінші жақтан көлік тақап қалған еді. Жасөспірім жолға шығып, көліктің астына түсіп кетейін деп тұрған сіңлісін қолынан тартып жол жиегіне шығарады. Көлік тежегішті басып, әрең тоқтайды. Жасөспірім қолын жарақаттап алған. 

"Ол сәтте біз не болғанын түсінбедік. Бірақ видеоны көргенде тізем дірілдеп, көзім жасқа толды. Ол қыздың өмірін сақтап қалды", - дейді дүкен иесі Алекс да Сильва Маркес.

Осылайша оқиғаның куәгері болған дүкен иесі таңғалысын жасыра алмады. 

Талқылау