Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен
Былтыр Орал қаласында жас ана баласын босанып, мазарға тастап кетіп, сәбидің денесін иттер талап кеткен еді. Осы оқиға негізінде қозғалған сот өз шешімін шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеп.
Өткен жылдың 5 наурызында сағат 19.00-де Деркөл ауылындағы зиратта жаңа туған баланың мәйіті табылған. Оны сол маңда жүрген балалар тауып алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша тергеу жұмыстары басталған еді. Криминалдық полиция қызметкерлері екінші күні- ақ күдіктінің жеке басын анықтап еді.
Полициядан лхабарлағандай, тергеу іс-әрекеттері мен молекулалық-генетикалық сараптама жүргізілгеннен кейін күдіктінің балаға қатысты аналық ықтималдығы 99,9% - ды құрады. Сондай-ақ, сараптама баланың жүктіліктің 36 аптасында тірі туғанын көрсетті. Әйел оны үйде туып, содан кейін мазарға апарып тастап кеткен. Сәби өлгеннен кейін оның денесін иттер сүйрелеп, талап тастаған.
БҚО полиция департаментінде әйел анасы екенін мойындамағанына қарамастан, генетикалық сараптама кері дәлелденді.
"Алайда, СМЭ қорытындысына сәйкес, құрсақ қуысының анатомиялық органдарының толық жоғалуына байланысты өлімнің себебін анықтау мүмкін болмады. Осы баптың диспозициясы жаңа туған сәбиді анасының өлтіруін қарастырады, осыған байланысты өткен жылдың 5 маусымында ҚІЖК - нің 35-бабы "іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын жағдайлар" негізінде іс тоқтатылды", - деп атап өтті ведомство.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
