Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбиін дәретханаға лақтырған қазақстандық студент қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені өлтірді деген күдікпен жас қызды қамауға алмайтын болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Колледж студентінен жауап алынып, одан ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат сұралды.

Денсаулық сақтау басқармасы 19 жастағы қызды ауруханадан шығарғанын хабарлады. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. "Қызбен психологтар жұмыс істеді. Оны медициналық мекемеде ұстауға негіз жоқ", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Ұйықтап жатыр деп ойлаған: Бір айлық нәресте шомылуға арналған шеңберге тұншығып, көз жұмды 


ПД-нің хабарлауынша, тергеушілер бірқатар іс-шаралар кешенін жүргізді.

"Медициналық мекемеден шыққаннан кейін қызды Жалпақтал ауылының полиция бөліміне жеткізді. Күдіктіден жауап алынды. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Еске салсақ, 23 қарашада БҚО-ның Казталов ауданы Жаңажол ауылында 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиді көшедегі дәретханаға лақтырып кеткен. Бала гипотермиядан қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша жүргізілуде.

STAN.KZ
Сенбі, 28 Қараша, 2020 07:14
Талқылау