Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жаңа толқын-2017” байқауына Қазақстан атынан кімнің қатысатыны белгілі болды

Сочиде жыл сайын өтетін “Жаңа толқын-2017” байқауына Қазақстанның атынан әнші Рүстем Жүгінісов қатысатын болды.

9393

Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазыпты.

“Сүйінші!!! Жақсы жаңалықпен бөлісейін. Мен “Новая ВОЛНА”-2017 xалықаралық ән байқауының финалисті атандым!!! Мәскеуге кетіп қалғанымды айтпағаныма айып етпеңіздер. Жақсы тосын сый жасаймын деп ойладым. Арманым орындалып міне бүгін өздеріңізбен бөлісіп жатырмын. Игорь Крутой ағамыз ақ жол тілеп, батасын берді. Жақсы жаңалығымыз көп болғай!”, – деп жазды әнші.

Бұл жаңалықты Рүстемнің продюсері әрі анасы да өз парақшасында хабарлады.

“Құрметті отандастар менің үлкен ұлым “Жаңа толқын-2017″ байқауына жолдама жеңіп алды”, – дейді Айнұр Жүгінісова.

2014 жылы Рүстем Жүгінісовтың кіші інісі Мұхаммедәли Жүігінсов балалар арасындағы “Жаңа толқын” сайысына қатысқан болатын.

Оқи отырыңыз:

Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)

Қайрат Түнтеков: Барлығын тастап Қазақстаннан кеткім келді (видео)

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа ерекше сый жасады

Ақбота Керімбекова: Балаларым тұрмысқа шығуыма өздері рұқсат берді

Талқылау