Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа министрлер ант берді: Үкіметтің алғашқы отырысы өтті

Жаңа тағайындалған үкіметтің алғашқы отырысы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

үкімет

Бұған дейін Қазақстанда жаңа үкімет құрылды. Он сегіз министрдің он алтысы өз қызметтерін сақтап қалды. Екеуі - Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов қызметінен кетті. Оларды тиісінше Әсет Ирғалиев пен Серік Шапкенов алмастырды.

Сейсенбідегі үкімет отырысында жаңа министрлер кезек-кезек мінбеге шығып, ант қабылдады.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында мен өзімнің барлық күш-қуатым мен білімімді Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму жолына жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық және ұлтаралық келісім қағидаларын ұстануға, адал қызмет етуге салтанатты түрде ант беремін. Қазақстанның мемлекеттілігі мен беделін әлемдік қоғамдастықта нығайтамын", - деді министрлер кабинетінің екі жаңа мүшесі.

Бұған дейін премьер-министр қызметіне Асқар Мамин қайтадан тағайындалды. Оған қоса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің толық құрамын бекітті.

Сонымен қатар, Тоқаев сегіз министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты. 

Талқылау