Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Kia Sportage: Қазақстандағы бағалар мен жабдықтар

Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы Қазақстан нарығындағы жаңа, бесінші буынның Sportage кроссоверінің бағасын белгілеп, жабдықталымын жариялады. Жаңа өнімді сату 20 мамырда басталады.

Sportage-дің бесінші буыны кроссоверлер сегментінде сапалы жаңа қадам болды. Модельдің инновациялылығы оны жаңа деңгейге шығарды және Kia брендінің өзгеруіне сәйкес келеді. Автокөлік брендтің «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» деген жаңа дизайн философиясына сәйкес жасалған. Кроссовердің сыртқы түрі батыл, эмоционалды, заманауи және табиғи. Таза және бедерлі беттер әсерлі технологиялық элементтермен біріктірілген. Жарықдиодты фаралар мен күндізгі жүріс шамдары бумерангтар пішіні тәрізді, ал артқы шамдары шанаққа біріктірілген сияқты, жаңа Sportage-дің бейнесіне әсерлілік қана емес, сонымен қатар футуристік сипат беріп тұр.

Кроссовердің интерьері премиалды сапамен және жүргізушіге бағытталған дизайнмен үйлескен. Салондағы ең әсерлі элементтердің бірі – аспаптар тақтасы мен мультимедиа дисплейін біріктіретін доғалы панорамалық экран. Опциялар арасында 8 динамигі бар Harman/Kardon премиум аудиожүйесі бар.

Sportage-дің жаңа буыны Kia тарихындағы алғашқы автокөлік, ол аймаққа байланысты дөңгелек базасының ұзын базалы немесе қысқа базалы сияқты екі түрлі нұсқасында ұсынылады. Қазақстан нарығында модельдің барынша сыйымды нұсқасы – 2  755 мм-ге дейін ұлғайтылған дөңгелек  базасы ұсынылады. Бұл C-SUV сегменті үшін әсерлі өлшемдерге және салонның кеңдігі мен жүк бөлігінің сыйымдылығы  көрсеткіштері санатындағы ең үздіктердің біріне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Автокөліктің жалпы ұзындығы 4 660 мм. Қазіргі буынмен салыстырғанда дөңгелек  базасы 85 мм-ге, ал ұзындығы 175 мм-ге артты. Жаңа Sportage-дің габариттік ені 1 865 мм құрайды, ал биіктігі (спецификацияға байланысты) - 1 660-тан 1 680 мм-ге дейін.

Қазақстандық нарықта бесінші буынды Kia Sportage бензинді атмосфералық төрт цилиндрлі қозғалтқыштың екі нұсқасында  ұсынылатын болады:  отынды бөліп бүркетін көлемі 2,0 л, (150 а.к., 192 Нм) және аралас бүркетін 2,5 л (190 а. к., 242 Нм). 2,0 л қозғалтқыш автоматты алты сатылы беріліс қорабымен агрегатталған, ал 2,5 л қозғалтқыш автоматты сегіз сатылы трансмиссиямен жабдықталған. Жаңа Sportage алдыңғы осьтегі жетекпен де, толық жетек жүйесімен де қолжетімді.

Жаңа кроссоверді жасау кезінде қауіпсіздік бірінші кезектегі басымдылық болды. Бесінші буынды Sportage Drive Wise жүргізушіге көмек көрсету және қауіпсіздік жүйелері кешенінің заманауи нұсқасымен жабдықталуының арқасында өз сегментіндегі ең қауіпсіз автокөліктердің біріне айналды. Бұл кешен әр сапарда автокөлікте отырған жандардың да, жол қозғалысының басқа мүшелердің де барынша қорғанысын қамтамасыз етеді.

Жаңа Kia Sportage сегіз жабдықталымда ұсынылады: Classic, Comfort, Luxe, Prestige, Style, Premium, X-Line және X-Line+. Кроссовер бағасының диапазоны: 12 490 000 теңгеден 18 990 000 теңгеге дейін. Қазіргі уақытта сатылымда 15 490 000 теңгеден 18 990 000 теңгеге дейінгі жабдықталымдар бар.

Kia Sportage туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан аумағындағы Kia ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ www.kia.com.kz сайтынан алуға болады.

Талқылау