"Жаңа Қазақстан" құрамын деп уәде бере алмаймын": Режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалды
Отандық фильмдердің авторы, режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kukabeisek/
Жаңалықты “Қазақфильм” киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды жеткізді.
“Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап береді. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар”, – деп жазды актер.
Сонымен қатар Қуаныш Бейсек тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.
“Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Бірақ жаңа “Қазақфильм” құруға тырысамыз", – деп жазды су жаңа кеңесші.
Еске салайық, режиссер жақында қызды болғанын айтып, сүйіншілеген еді.
Талқылау