Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа JAC JS8 отбасылық кроссовері Қазақстан нарығына ұсынылды

Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін, Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы JAC Motors Qazaqstan компаниясы 19 қыркүйекте салтанатты тұсаукесерде JAC JS8 жаңа кроссоверін ұсынды.

JAC

JAC Motors компаниясы қазақстандық нарықта сатылымға шыққан жаңа JAC JS8 отбасылық кроссоверін мақтанышпен ұсынады. JAC JS8 моделі қосымша жабдық, стильді дизайн мен жайлылықтың жоғары үйлесімін біріктірген. Бұл отбасылар мен белсенді өмір салтын ұнататындар үшін тамаша таңдау.

JAC JS8 – 2830 мм дөңгелек базасы бар жеті орындық кроссовер. Автокөлік үш деңгейлі жарықдиодты (LED) оптикамен толық жабдықталған. Сонымен қатар жарық сенсоры бар. Көліктің жалпы өлшемдері 4 825×1 870×1 758 мм.

Бүйіріндегі айналары жылытылады, электрмен реттеледі және автоматты түрде бүктеледі.

Күндізгі жарық шамдарының жарқын дизайнының арқасында JAC JS8 экстерьерінің сыртқы түрі өзіне назар аудартады. Сонымен қатар үлкен радиатор торымен бірге заманауи және озбыр көрініс жасайды. Ал екі түсті 19 дюймдік легирленген дөңгелектер, тіпті негізгі нұсқада да ерекше. Бұл көліктің стилі мен сипатына маңыз береді.

Бұл нұсқада қосымша адаптивті круиздік бақылау, авариялық тежеу, жолақты белгілеуді басқару, соқыр нүктелерді бақылау, тұрақ сенсорлары және екінші қатардағы капитан креслолары бар.

JAC

Өзінің толық динамикалық әлеуетін қауіпсіз жүзеге асыру үшін автомобильде екі осьте де дискілі тежегіш жүйесі жасалған. Маршруттың рельефті учаскелерін барынша ыңғайлы еңсеру үшін толық тәуелсіз алдыңғы суспензиясы да бар.

Көліктің интерьері жылытылатын анатомиялық былғары орындықтармен және бейімделгіш бас тіректерімен жабдықталған. Бұл - жолаушыға деген ерекше қамқорлық. Жүргізуші былғарыдан жасалған көп функциялы рульді басқарып көре алады.

Мультимедиялық жүйе Apple CarPlay және Android Auto жүйелеріне қосылған екі біріктірілген 12,3 дюймдік экранда орналасқан.

JAC

Панорамалық шатыр автомобильге көрнекі жеңілдік пен талғампаздық қосып қана қоймайды, сонымен қатар салон ішіндегі жайлылықты арттырады.

Үлкен шыны қаптаманың арқасында жолаушыға жоғарыдан керемет көрініс ашылады. Сонымен қатар салонды тәуліктің кез келген уақытында табиғи жарықпен толтыруға болады.

Кроссовер 2 нұсқада ұсынылған: стандартты (Люкс) және жоғарғы деңгей (Флагман). Екі нұсқа да турбобензин қозғалтқышымен, 7 жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен және алдыңғы жетекпен жабдықталған. JAC JS8 көлігінің Luxury конфигурациясының құны 12 490 000 теңге, флагмандық нұсқасының бағасы 12 990 000 теңге.

JAC

JAC Motors – бұл автокөліктердің толық ассортиментін тәуелсіз брендпен шығаратын кешенді кәсіпорын. Онда жеңіл, орташа және ауыр жүк көліктері, микроавтобустар, жеңіл автомобильдер, электромобильдер, автобустар, арнайы шассилер, жүк тиегіштер және  жеңіл автомобильдерге арналған редукторлар, қозғалтқыштар, автобөлшектер, авто агрегаттар секілді көптеген техника түрлері шығады. JAC компаниясының 60 жылдық даму тәжірибесі жылына толық өндірістік циклі бар миллионнан астам көлік құралының өндірістік қуатына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

JAC Motors Qazaqstan – Allur автомобиль компаниясының құрамындағы JAC автомобильдерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы.

Allur  — Қазақстанда көлік құралдарын өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық автомобиль компаниясы. Сонымен қатар ол Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Hongqi және Skoda сынды алты әлемдік брендтің ресми дистрибьюторы және дилері. Толық ақпаратты jac-motors.kz сайтынан білуге болады. 

JAC әлеміндегі кейінгі жаңалықтарды ресми @jac.qazaqstan Instagram парақшасынан оқыңыз болады!

Талқылау