Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа инвестор Qarmet-ті жаңғыртудың алғашқы кезеңінде қанша қаржы бөлетіні белгілі болды

Қазақстан үкіметінде министрлер мен компанияның жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевтің қатысуымен бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" қазіргі – Qarmet компаниясын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кармет

Үкіметтің ресми сайты таратқан хабарға сүйенсек, басқосуда кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланған.

Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бірінші кезеңде осы мақсаттарға шамамен $1,3 млрд жеке инвестициялар бөлінетін болады.



“Премьер-министр кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындау қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы осыған орай, өндірісті одан әрі серпінді дамытудың, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтудың және анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюдың маңыздылығын атап өтті”, – делінген ақпаратта.

Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдарға ағымдағы мәселелерді шешуде кәсіпорынға қажетті қолдау көрсетуді және инвестормен бірлесіп, Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Талқылау