Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін вице-министр қызметті атқарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрын бұл лауазымды Людмила Бюрабекова атқарған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша бітіріп, 1998 жылы сол университеттің магистратурасын аяқтады.

2001-2003 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы, сарапшы, Президент Әкімшілігінің жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі.

2003-2005 - Қаржы министрінің кеңесшісі.

2005 - премьер-министрдің кеңесшісі.

2005-2007 жылдары - премьер-министр кеңсесінің біріктірілген талдау бөлімінің бастығы.

2007-2008 - Денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылы - «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ бас консультанты.

Шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін - денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Талқылау